Ақордада Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен кездесті

Автор: Аягөз Құрмаш

Ел басшылары бірқатар кездесу өткізбек

«Ақорда» резиденциясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары орындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді.Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды.