Президент VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді

Автор: Azattyq Rýhy

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері мен қоғам қайраткерлері шақырылған

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.

Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.