Іссапар 20-22 наурыз аралығында жоспарланып отыр
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин Си Цзиньпиннің Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 20-22 наурыз аралығында іссапармен баратынын айтты.
«Келіссөздер барысында Ресей мен Қытай арасындағы жан-жақты әріптестік қатынастарды және стратегиялық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланады», - делінген хабарламада.
Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық аренада Ресей-Қытай ынтымақтастығын тереңдету аясында да пікір алмасу жоспарланған.