ҚХР-ды тағы да Си Цзиньпин басқарады

Автор: Әйгерім Ердәулет

Сонымен қатар, ол ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды

Фото ашық дереккөзден

Бүкілқытайлық Халық Өкілдері жиналысының бірінші сессиясында Си Цзиньпин ҚХР Төрағасы қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy interfax.ru-ға сілтеме жасап.

Шешімді депутаттар бірауыздан қолдады

Си Цзиньпин сонымен қатар, ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.

Си Цзиньпинні үшінші рет мемлекет басшысы болуына 2018 жылы Қытай Конституциясына енгізілген өзгерістер мүмкіндік беріп отыр. Заңнан ҚХР Төрағасы бұл қызметті тек екі бес жылдық мерзімде атқаруға құқылы деген ереже алынып тасталды.

Қазіргі уақытта қытай мемлекеттік Кеңесінің бірінші вице-премьері қызметін атқаратын Хань Чжэн ҚХР төрағасының орынбасары болып сайланды.

Си Цзиньпин 1953 жылы 15 маусымда дүниеге келген. 2012 жылы ол ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы, ал 2013 және 2018 жылдары - ҚХР Төрағасы, сәйкесінше қолданыстағы дәстүр бойынша ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы болды. ҚКП-ның XIX және ХХ съездерінде (тиісінше 2017 және 2022 жылдары) Си Цзиньпин Компартия Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып қайта сайланды.

ҚКП жарғысында Бас хатшының өз қызметінде болу мерзіміне қатысты шектеулер жоқ.