03.03.2020, 21:37
Саясат
Президент мереке күндеріне қатысты тәртіпті қайта қарауды тапсырды
Мемлекеттік қызметкерлер мереке жексенбіге келетін жағдайда келесі күні демалмауы мүмкін
Фото: needoftravel.ru
Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Үкіметке және Президент Әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Келесі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс», - деп жазған Президент.
Айта кетейік, 8 және 22 наурыз жексенбіге түсіп тұр.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады