Оппозиция Түркия президенттігіне жалғыз кандидатты таңдады

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның кім екені 6 наурызда белгілі болады 

Фото ашық дереккөзден

Мамыр айында өтетін сайлауда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жиырма жылдық билігіне кім қарсы шығады? Елдің оппозициясы кандидатты таңдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап. 

"Халық альянсын" құратын алты оппозициялық партияның жетекшілері келісіп, президенттікке жалғыз кандидатты таңдады. Оның есімі дүйсенбі, яғни 6 наурызда белгілі болады. 

Кандидат ретінде Түркияның негізгі оппозициялық халықтық-республикалық партиясының жетекшісі, 74 жастағы Кемал Кылычдароглу болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, үміткерлер арасында Стамбул мэрі Крем Имамоглу және Анкара мэрі Мансур Яваш бар.

Сайлау 14 мамырға жоспарланған.