Сирия жерінде әуе соқыссынан 30-дан астам түрік сарбазы қаза тапты
Идлибтедегі шиеленістің өршуіне АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы алаңдаушылық білдірді. Күні бұрын болған әуе соққысынан кейін түрік билеуші партиясының баспасөз хатшысы Анкара Еуропаға ұмтылған босқындарды бөгемейтінін мәлімдеді, деп хабрлайды dw.com.
НАТО КЕСІМІ
НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Сириядағы Идлиб провинциясында Сирия әуе күштерінің Ресейді қолдай отырып жасаған әуе соққысын айыптады. Бұл туралы жұма, 28 ақпан күні, Столтенбергтің Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглумен телефон арқылы келіссөздерінің қорытындысы бойынша Бас хатшының өкілі хабарлады.
Солтүстік Атлантикалық альянстың басшысы Дамаск пен Мәскеуді «шабуылды тоқтатуға, халықаралық құқықты құрметтеуге және БҰҰ-ның бейбіт реттеу жөніндегі күш-жігерін қолдауға» шақырды.
«Ол барлық тараптарды осы қауіпті жағдайдың деэскалациясына ықпал етуге және аймақтағы қорқынышты гуманитарлық жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеуге шақырды», - деп мәлімдеді Столтенбергтің өкілі.
АҚШ ИРАНҒА ДА КІНӘ ТАҚТЫ
АҚШ Мемлекеттік департаменті Идлибтегі шиеленістің өршуіне байланысты жауапкершіліктің бір бөлігін Тегеранға жүктеді.
«Біз НАТО-Түркия бойынша одақтасымызды қолдаймыз және бұрынғысынша, бұл зұлымдықты дереу тоқтатуға шақырамыз. Асадты қолдайтын күштер Ресей және Иран», - деп атап көрсетілген американың сыртқы саясат ведомствосы өкілінің мәлімдемесінде.
АНКАРА БОСҚЫНДАРДЫ БӨГЕМЕЙДІ
Өз кезегінде Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челие Режеп Тайып Ердоғанның төрағалық етуімен Анкара ішкі және жағалау шекара бекеттерінде Идлибтен келген босқындарға Еуропаға кіруге кедергі жасамайтынын ескертті.
«Біз босқындарды ұстап тұра алмаймыз», - деді ол.
ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС
Бұған дейін Анкарадағы Президент сарайында Режеп Тайып Ердоған қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлы, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар және әскери қолбасшылық өкілдері қатысты.
Отырыс 27 ақпанда Сирияның Идлиб провинциясында болған әуе соққысына жауап ретінде өтті. Салдарынан Түркия қорғаныс күштерінің 33 әскери қызметшісі қаза тапты, 30-дан астам адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
ТҮРКИЯ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ СИРИЯМЕН ШЕКАРАҒА КЕЛДІ
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирия шекарасындағы Хатай провинциясында орналасқан Идлибетде тактикалық іс-қимылдарды басқару штабына келді.
Министрдің жанында Құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал Үміт Дюндар және әскери-әуе күштерінің басшысы генерал Хасан Кучукакюз да болды. Anadolu агенттігінің мәліметтері бойынша, Түркияның әскери басшылығы Сирия армиясына қарсы шабуылдарды үйлестіреді.