Президенттің отставкасын Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық комитеті бекітті
Вьетнам президенті Нгуен Суан Фук сейсенбіде отставкаға кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy VnExpress-ке сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, президенттің отставкасын Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық комитеті (ОК) бекітті.
Сонымен қатар, саясаткер партияның саяси бюросы мен Орталық комитетінің мүшесі болуды тоқтатты.
Вьетнам президенті сыбайлас жемқорлық жанжалы кезінде отставкаға кетті. Елдің шенеуніктері, оның ішінде екі вице-премьер мен үш министр ауыр зардаптарға әкелген бұзушылықтарға жол беріп, жемқорлық жасады деп айыпталды.
Бұдан бөлек екі вице-премьер отставкаға кетті, екі министр және бірқатар шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылды.