Қазақстанның Испания, ОАР және Норвегиядағы елшілері тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Испания, Оңтүстік Африка Республикасы және Норвегия елдеріндегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, осындай жарлықпен Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.