Бүгін Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Отырыста Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ №1 Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр. Кеңейтілген Үкімет отырысы Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады», - делінген хабарламада.