Түркия президенті келіссөздер азық-түлік дағдарысы тақырыбына қатысты болатынын атап өтті
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен, сондай-ақ Кремль басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy TRT-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, келіссөздер азық-түлік дағдарысы тақырыбына қатысты болады.
«Маңызды өнімдерді жеткізуді тоқтату жаһандық азық-түлік дағдарысына әкелді. Жексенбі к8н3 мен Путинмен сөйлесемін. Зеленскиймен де сөйлесемін», - деді Ердоған.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Түркия президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Содан кейін Зеленскийге қоңырау шалды.