Словения президенті болып партиялық емес адвокат Наташа Пирц-Мусар сайланды
Наташа Пирц-Мусар Словениядағы президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті. Партиялық емес кандидат шамамен 54% дауыс жинады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Еuronews-ке сілтеме жасап.
Демократиялық партияның өкілі Андже Логардың 46% дауыс жинады.
Словения Премьер-Министрі Роберт Голлоб Пирц-Мусарды жеңісімен құттықтады. Ол оның жеңісін азаматтардың «демократияның негізгі элементтері құрметтелетін» елде өмір сүргісі келетіндігінің дәлелі деп атады.