Бразилияда жаңа президент сайланды
Президент сайлауында Лула да Сильва жеңіске жетті
Бразилияда жаңа президент сайланды. Дауыстардың 99,26%-ын санағаннан кейін кандидаттар арасындағы алшақтық 49,16% және 50,84% аралығында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy The Guardian-ге сілтеме жасап.
Бразилияның бұрынғы президенті Луис Инасио Лула да Силва ел тарихындағы ең маңызды сайлаулардың бірінде қазіргі президент Жаир Болсонароны жеңді.
Дауыстардың 99,01 пайызын санау қорытындысы бойынша жаңа президентке азаматтардың 50,84 пайызы, яғни 59,7 миллионнан астам адам дауыс берген.
Бразилияның қазіргі көшбасшысы Жаир Болсонароны 49,16%, шамамен 57,8 миллион сайлаушы қолдады. Осылайша, Лула да Сильва елдің қазіргі президентінен 2 миллионға жуық дауыспен озып кетті.
Хаттамалардың үштен екісі өңделгенше, Болсонаро көш бастап тұрды, бірақ Лула да Сильва солтүстік-шығыс штаттарда оған берілген дауыстармен алшақтықты жапты.
77 жастағы Лула да Силва - Жұмысшылар партиясының негізін қалаушы, Бразилияны 2003-2011 жылдар аралығында басқарды.