Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы интернет желісінің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebooк-тегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, 14-16 ақпан күндері Қ.Тоқаевтың Германияға жұмыс сапары өтеді.