Жигули Дайрабаев ресми түрде президентікке үміткер ретінде тіркелді

Автор: Аягөз Құрмаш

ОСК оның барлық құжатын қабылдаған

Фото: sputnik.kz

Жигули Дайрабаевқа президентікке үміткер ретінде куәлік тапсырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаев Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», - деді ОСК отырысында Нұрлан Әбдіров.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 55-бабы 5-тармағына сәйкес заңда белгіленген мерзімде қабылданды.