Мемлекет басшысы өңірішілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыру қажеттігін айтты
Орталық Азия мен Ресейге қазіргі жағдайда қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитінде айтты.
Президент шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
«Бұл ретте сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеу маңызды. Бізге өңірішілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыру қажет. Бұл жерде тауар айналымының құрылымын жақсартуға және оның номенклатурасын кеңейтуге мән берген жөн», -деді Президент.