Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентімен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы АӨСШК-тің VI саммиті аясында Палестина президенті Махмуд Аббаспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

Өз кезегінде Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.