Отырыста «AMANAT» партиясының алдағы XXIV Съезінің күн тәртібін бекіту жоспарланып отыр
Бүгін «AMANAT» Жарғысының 9.5-тармағына сәйкес, партияның Саяси кеңесі Бюросы 5 қазанда Астана қаласында партияның Саяси кеңесінің отырысын шақыру туралы қаулы етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ертең Саяси кеңестің отырысында 6 қазанда Астанада өтетін «AMANAT» партиясының алдағы XXIV Съезінің күн тәртібін бекіту жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Съезд жұмысына партияның өңірлік филиалдарындағы 20 конференцияның қорытындысы бойынша сайланған 700 делегат қатысады.