Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 2021 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды

Алматы облысы әкімінің өкіміммен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azatyq Ruhy.

Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлы 1980 жылы туған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін 2001 жылы «Экология және табиғат пайдалану» және 2008 жылы «Қаржы» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қайнар» ААҚ моноблок құю цехінің қоймашысы болып бастаған, кейіннен қайта құю корпусының шебері болып жұмыс істеген. Әр жылдарда «Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет еткен.

2021 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.