Мемлекет басшысы Талғат Жақанды президенттің іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұл қызметке осы жылдың қаңтарынан бастап кіріскен еді

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Талғат Жақанды президенттің іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Талғат Жақан 2022 жылдың қаңтарынан бастап Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарды, оған дейін, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Президент Іс Басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімін басқарды. Одан бұрын, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін есеп комиссиясының мүшесі болды.