XXIV Съезд 6 қазанға жоспарланған
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV Съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.
Еске салайық, биыл 20 қарашаға Президент сайлауы да жоспарланған.