Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол 2019 жылдың сәуір айынан бастап қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып, құрылыс және энергетика мәселелеріне жетекшілік етті.
«Мемлекет басшысының биылғы наурыздағы Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес және Үкімет қаулысына сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру мақсатында 21 қыркүйектен бастап 2022 жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өз қалауы бойынша қызметінен босатылды», -делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.