Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев Саммитке қатысу үшін жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін «Конгресс орталығына» барды, деп хабарлады Azattyq Ruhy «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «Конгресс орталығында» Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі Саммитінің шағын құрамдағы отырысы басталды.