8 қыркүйекте II Елизавета Патшайым өмірден өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 8 қыркүйек күні 96 жасында II Елизавета Патшайым дүние салды.