Ұлттық құрылтай мүшесі қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Ұлттық құрылтай мүшесі, Халық қаһарманы қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Кездесуде Тоқтар Әубәкіров Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген бастамалар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді.