Әр облыстан екі депутат сайланады
Бүгін Қазақстанда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенаты депутаттарын сайлау өтіп жатыр, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Сенат депутаттарын таңдаушылар – мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
Парламент Сенаты депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс елорда уақытымен сағат 11:00-де басталды.
Таңдаушыларды тіркеу елорда уақытымен сағат 10:00-де басталды. Әр облыстан екі депутат сайланады.
Сенаттағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр
Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаты енгізілген.