Нұрлан Әбдіров Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты қазіргі атқарып жатқан жұмыстары және Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндалды.