Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Елбасы Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы қызметіне қатысты мәселелерді сапалы зерттеу және қарастыру қажеттігін атап өтті.