Әңгіме барысында Елбасы Қарулы Күштердің мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Әңгіме барысында Елбасы Қарулы Күштердің мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев армияның жауынгерлік дайындығын сақтау, еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту мен технологиялық жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
«Сіздің жұмысыңыз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Халық Қарулы Күштердің мүмкіндіктеріне сенімді болуы керек. Біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы осыған байланысты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.