Нұрлан Нығматуллиннің ұлы "ҚазМұнайГаз-Аэро" бас директоры қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Компанияның бас директоры болып Шамсутдинов Ильдар тағайындалды

Фото ашық дереккөзден

Нұржан Нұрланов "ҚазМұнайГаз-Аэро" бас директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business Telegram-арнасы.

Ведомство мәліметінше, 19 мамырда "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС жалғыз мүшесінің шешімімен компанияның бас директоры болып Шамсутдинов Ильдар Тагирович тағайындалды.

Айта кетейік, Нұржан Нұрланов - Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің кенже ұлы, "ҚазМұнайГаз-Аэро" компаниясын 2019 жылдың ақпанынан басқарды.