Конституциялық Кеңес Президенттің өтінішін қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады

Фото: gov.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші іс жүргізуге қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.