Биыл қазақтың ұлы жазушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады
Бүгін, 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы Опера және балет театрында мерекелік шаралардың салтанатты басталу рәсімі өтті. Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Салтанатты шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы театрландырған қойылым, сондай-ақ, Қазақстанның өнер иелері қатысатын концерттік бағдарламамен ашылады.
Ақынның 175 жылдығына орай таңдаулы шығармалары 10 тілге аударылады. Бүгінгі ашылу салтанатынан кейін еліміздің түпкір түпкірінде мерекелеу басталады.
Ақынның туған жері Семей өңірінде де маңызды ғылыми конференция өтіп, Жидебай музейі қайта жаңғыртылады. Ал, жыл бойы еліміз бойынша өтетін республикалық ақындар айтысының біріншісі 8 ақпан күні Нұр-Сұтан қаласында басталмақ.