Парламент Мәжілісіне заңдар қабылдау құқығы берілмек
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Президенттің өкілеттіктері туралы» бірінші бағыт бойынша 3 іс-шараны іске асыру көзделген. Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту мақсатында заңнамаға тиісті түзетулер енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика инистрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.
Заңнамаға мынадай өзгерістер енгізілмек:
Сонымен қатар, партиялық құрылымдардың мемлекеттік аппаратпен бірігуіне жол бермеу үшін заңнамаға Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелерінің партиядан міндетті түрде шығуы туралы ережелер енгізіледі. .
Бұдан бөлек, әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партиялардың филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салынады.
«Өкілді билік тармағын қайта құру» бойынша 4 іс-шара жоспарланды.
«Заңнамаға төмендегідей өзгерістерді енгізу арқылы Парламент Сенатын жасақтау тәртібі мен оның бірқатар функциялары қайта қаралатын болады. Яғни сенаттағы президенттік квота 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарады, оның ішінде 5 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынады; Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы Мәжілістен Сенатқа беріледі; Парламент Мәжілісі қабылдаған заңдарды Парламент Сенатының мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын көздеу; Парламент Сенатының өкілеттіктерін Конституциялық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары лауазымдарына кандидатураларды келісу құқығымен толықтыру қарастырылған», - деді министр.
Ал Парламент Мәжілісіне заңдар қабылдау құқығы беріледі.
Бұдан басқа, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады.
Сонымен қатар, заңнамаға Президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері лауазымдарына баламалы негізде кемінде екі кандидатура енгізу құқығын, сондай-ақ мәслихат төрағасы лауазымын енгізуді регламенттейтін түзетулер әзірленбек.
«Сайлау жүйесін жетілдіру» бойынша 1 іс-шара іске асырылады. Елді одан әрі саяси жаңғырту мақсатында сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізіледі. Ол 70/30 қатынасында Мәжіліс құрудың аралас жүйесін көздейді, яғни депутаттардың 70%-ы партиялық тізімдер бойынша, 30%-ы мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.