11.03.2022, 14:59
Саясат
АҚШ Украинаға қосымша әскери техника жөнелтеді
Пентагонның пікірінше, бұл қарулар кез келген қауіпке төтеп бере алуға қауқарлы
Фото: ашық дереккөзден
АҚШ Украинаға қосымша әскери техника жөнелтпек, деп хабарлайды "Хабар24".
Ақ үйде одақтас елдермен бірігіп, аймаққа танк және әуе шабуылына қарсы қару жеткізілетіні хабарланды. Сонымен қатар Құрама штаттары Patriot атты екі зымыран батареясын Польшаға көшіретінін мәлім етті. Пентагонның пікірінше, бұл қарулар кез келген қауіпке төтеп бере алуға қауқарлы.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Альянс басшысы Йенс Столтенберг Ресеймен жанжалдасуға ниетті емес екенін білдірсе, АҚШ президенті Джо Байден Украинаға американдық әскердің аттанбайтынын хабарлаған болатын.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды