Ұлыбритания Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға санкция салмайды – ҚР СІМ
Екіжақты қатынастарды одан әрі белсенді дамыту мәселесі талқыланды
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен бейне-кездесу өткізді, сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Личті қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
«Сұхбат барысында Украинадағы жағдайды және соғыс қимылдарын тоқтату және тараптарды бейбіт жолмен шешуге қайтару бойынша халықаралық деңгейде қабылданған қадамдарды талқылады.
Британиялық тарап Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін растады», - делінген министрлік хабарламасында.
Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптардың барлық спектрі бойынша толық өзара түсіністік расталды және екіжақты қатынастарды одан әрі белсенді және жан-жақты дамытуға өзара дайындық білдірілді.