$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.03.2022, 10:59
Саясат

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл қызметке Мейірім Қалауи келді

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Мейірім Қалауи Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy АТРress.kz сайтына сілтеме жасап.

"Атырау облысы әкімінің өкімі бойынша, Атырау қаласының әкімі тағайындалды. Ол - Атырау облысының тумасы Мейірім Қалауи", - делінген хабарламада.

Мейірім Қалауи 1985 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Атырау мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК бастаған.

2010-2011 жылдары "Тұран" ЖШС директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалында директордың орынбасары - бас редактор қызметтерін атқарған.

2011-2012 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК директоры болған. 2012-2016 жылдары Атырау облысының Жастар ісі жөніндегі басқармасын басқарды.

2016-2019 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Сондай-ақ, Nur Otan (Amanat) партиясының Jas Otan Жастар қанатының Атырау облыстық филиалының хатшысы қызметін атқарған.

2019 жылдан 2022 жылға дейін Қалауи Индер ауданының әкімі қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары