Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау вице-министрін сынға алды

Автор: Еркежан Айтказина

Премьер-министр Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет отырысында Әлихан Смайылов журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмаған Денсаулық сақтау вице-министрін сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ажар Ғиниятқызы, өткен аптада орынбасарыңыздың қатысуымен брифинг өтті. Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударуыңызды сұраймын. Мұндай жағдайлар Үкіметтің жұмысына кері әсерін береді. 

Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз қажет. Әрбір шешімді дұрыс түсіндіру, қоғаммен ақылдаса отырып қабылдау – Үкіметтің негізі міндеті», – деді ол.