15.02.2022, 15:34
Саясат
Кореяда президенттік сайлау науқаны басталды
Сайлаудың өзі наурыздың 9-ы өтеді
Фото: ашық дереккөзден
Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау науқаны басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Хабар24"-ке сілтеме жасап.
Шара 3 аптаға созылады. Осы уақыт аралығында сайысқа түсетін үміткерлер мен саяси партиялар көліктер мен дауыс зорайтқыштарды қолданып халықты үгіттей алады. Және басылымдарға түрлі жарнамасын жариялап, телеарналар мен радиоларға шығып сөз сөйлеуіне рұқсат беріледі.
Ал елдегі басты саяси лауазымға 14 кандидат тіркелген. Билеуші "Тобуро" демократиялық партиясы атынан сайысқа Ли Чжэ Мён түседі. Басты оппозициялық "Азаматтық күш" партиясынан Юн Сок Ёль қатысады. Сайлаудың өзі наурыздың 9-ында өтеді.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды