Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына келді

Автор: Azattyq Rýhy

Жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Татарстан Президентімен кездесу өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына келді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. 

«Мемлекет басшысы Қазан қаласына келді. Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды. 

Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан Президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан «Камаз» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады»,- деп жазды ол.