Мемлекет басшысы: «Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын»

Автор: Azattyq Rýhy

Президент елдің «ашық есік» инвестициялық саясаты да өзгермейтінін айтты

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастыққа әрқашан дайын екенін айтты. Бұл туралы ел Президенті Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің "ашық есік" инвестициялық саясатымыз да өзгермейді", - деп жазды Президент Twitter-де.