Астанада рақымшылық бойынша бес адам жазадан босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Рақымшылық жасау заңын қарастырылуына 715 сотталған жатады

Фото: Polisia.kz

Елордада пробация есебінде тұрған 5 сотталған рақымшылықпен босатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, іс-құжаттары Нұр-Сұлтан қаласы аудандық соттарына жолданды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменттің пробация қызметі бойынша рақымшылық жасау заңын қарастырылуына 715 сотталған жатады. Оның ішінде 209 сотталған босатылуға, жазасын қысқартуға – 506 сотталған.

Аудандық соттың қаулысымен бес сотталған жазадан босатылды. Қаулы заңды күшіне енді. Олар бас бостандығынан шектеу жазасымен сотталғандар.

Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары соттын қарауында. Сотталғандар қатарынан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметінің қызметкерлеріне өздерінің ризашылығын білдірді.