Аталған лауазымды бұған дейін Самат Әбіш атқарып келген
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мұрат Нұртілеу ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген аталған құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін М.Нұтілеу ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.