Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл қызметті бұған дейін атқарған Қырымбек Көшербаев лауазымынан босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік хатшы лауазымына Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», - делінген Мемлекет басшысының 5 қаңтарда қол қойған Жарлығында.

Айта кетейік, Е.Қарин бұған дейін ҚР Президентінің көмекшісі қызметін атқарып келген. Ол енді бұл қызметтен босатылды. Ал, бұған дейін Мемлекеттік хатшы болған Қырымбек Көшербаев та Президент жарлығымен лауазымынан босатылды.