Президент жастарды сабырға шақырды
Жаңаөзенде басталған халықтың толқуы еліміздің өзге қалаларында жалғасты. Облыс орталықтарында жұрт алаңға жиналған. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы мәлімдеме жасады.
Президенттің видеоүндеуі Ақорданың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, тәртіпсіздікке жол бермей, ақылмен шешім қабылдауға шақырды.