Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Оңтүстік Кореяның экс-президенті бостандыққа шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Экс-президент төрт жыл тоғыз ай түрмеде отырды

Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе биліктің кешірім жасау туралы шешімінен кейін босатылды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Экс-президент төрт жыл тоғыз ай түрмеде отырды. Кешірім жасау туралы шешім оның денсаулық жағдайын ескере отырып, гуманитарлық себептермен қабылданды. 2019 жылы Пак Кын Хе иығына хирургиялық операция жасады, ал 2021 жылы бұрынғы президент иық пен омыртқаның созылмалы ауруына байланысты бірнеше рет ауруханаға түсті.​​​​​​

Бұрынғы мемлекет басшысы босатылғаннан кейін қайда баратыны белгісіз. Ол тұрған үй сатылды. Пак Кын Хе мемлекеттік қорғау құқығын қолданады, бірақ оған басқа артықшылықтар берілмейді.

Пак Кын Хенің президенттік билігі 2017 жылы импичмент рәсімінің нәтижесінде тоқтатылған болатын. Ол сыбайлас жемқорлық үшін айыпталып, 2018 жылдың сәуірінде бас бостандығынан айырылды. Прокуратура оған 30 жылға бас бостандығынан айыруды және 118,5 миллиард Вон (шамамен 95 миллион доллар) айыппұл салуды талап етті. Сот оны 24 жылға бас бостандығынан айырды және шамамен 95 миллион доллар айыппұл салды.