Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды

Автор: Azattyq Rýhy

ТМД басшыларының бейресми кездесуі өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр», - деп жазды Берік Уәли.