Қазақстан Президенті: «1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті»

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы желтоқсаншылардың ерлігі тарихымызда мәңгі жазылатынын атап өтті

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Желтоқсан оқиғасы жайында жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Президенті 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсеткенін атап өтті.

«Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.