Байден 2024 жылы президенттік сайлауға түсуге ниетті

Автор: Azattyq Rýhy

Президенттік сайлауға қазіргі вице-президент Камала Харристің де қатысатыны белгілі

Фото ашық дереккөзден

АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылы Мемлекет басшысының сайлауына қатысады. Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысының орынбасары Карин Жан-Пьер мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Оның айтуынша, Байден қазіргі вице-президент Камала Харриспен бірге екінші рет сайлауға түсуге ниетті. Ақ үй баспасөз хатшысының орынбасары журналистің американдық көшбасшының жоспарлары туралы сұрағына жауап бере отырып, ол сайлауға қатысуды жоспарлап отырғанын және ештеңе өзгермегенін айтты.

Қараша айының соңында Ақ үйдің өкілі Джен Псаки Байденнің екінші мерзімге сайланғысы келетіні туралы ақпаратты растаған болатын. Оның айтуынша, Байден 2024 жылы қайта сайлау жоспарларынан бас тартпайды.

Байденнің алдағы президенттік сайлауға қатысуы туралы жарияланымдар бұған дейін жергілікті БАҚ-та пайда болды. 79 жастағы саясаткер рейтингінің құлдырауына қарамастан екінші мерзімге сайлануға ниет білдірді деп хабарланды.

The Washington Post газетінің хабарлауынша, президенттің жақын ортасының барлық күш-жігері Мемлекет басшысының Ақ үйде болуға деген ұмтылысына жақтастарын сендіруге бағытталған. 2024 жылы сайлау кезінде Байден 81 жасқа толады.