Ол соңғы рет жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеді
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған.
Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.
Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған.