Қасым-Жомарт Тоқаев Ыстанбұлға жұмыс сапарымен барады

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ.

Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр», - деп жазды Берік Уәли.